⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

Жатақхана студенттік кеңесі сайланды

2021 жылдың 21 қазан күні ОҚМА №1 жатақханасының студенттік кеңесін сайлау өтті. Іс шараға Жастар саясат бөлім меңгерушісі Н.Ахметов, медицина колледжі директорының орынбасары М.А Тайжанова, жатақхана коменданты Р.Спатаева, студенттік ректор Ә.Каскаров және жатақхана студенттері қатысты.

Жатақхана студенттерінің дауыс беруімен студенттік кеңес төрағасы болып Дайрабай Нұрдаулет, орынбасары болып Сайдумаров Думан, хатшы қызметіне Солтыбай Уазипа, әр подьездің тазалық секторлары болып: Шауқатова Маржан, Әбдіхан Айша сайланды. Спорт секторы болып Ережепов Қанат және мәдениет секторы болып Темірбай Асылжан, колледж студенттеріне басшылық етуге Сарсенбеков Иманғали тагайындалды.

Жаңадан сайланған жатақхана студенттік кеңесіне сәттілік тілеп, жемісті нәтижелер күтеміз.

23.10.2021, 03:23
949 қаралым