⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

ТІС ДӘРІГЕРЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІНДЕ СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ РӨЛІ

Замануи стоматологиялық технологиялар мен емдеу әдістері болашақ тіс дәрігерлерінен жоғары деңгейлі мануалды дағдыларын талап етеді, сондықтан көптеген себептерге байланысты бұл дағдылар тек қана стоматологиялық кафедраларда науқастарды қабылдау кезінде игере алынбайды. Стоматологиялық кафедраларда дәстүрлі сабақтарды симуляциялық оқытумен бірге ұйымдастыру болашақ тіс дәрігерлерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірудің тиімді әдісі болып табылады.

1368 1

ОҚMA-ның Тәжірибелік дағдылар орталығы жаңа стоматологиялық құрал-жабдықтармен толықтырылды - төменгі жақтың барлық анатомиялық қозғалыстарын қайталайтын реттелуші артикулаторы бар және жақтың түрлі моделдерін орнатуға мүмкіндігі бар адамның бас моделінен, ересек пациенттің тіс-жақ аппаратына анатомиялық сәйкес тұрақты окклюзия жағдайындағы жоғарғы және төменгі жақтардың денто-моделдерінен тұратын стоматологтың автоматтандырылған жұмыс орнын ұсынатын стоматологиялық тренажерлар. Стоматологиялық тренажерлардың ерекшелігі болып тіс аралық кеңістіктердің, тіс мойны аймағындағы тамырлардың, шайнау беттерінің және тіс тәжісінің және т.б. құрылымдарының табиғи тісттерге сәйкестігі.

Стоматологиялық тренажерларды қолданып оқыту тек ОҚМА студенттерін ғана емес, сондай-ақ тәжірибелік денсаулық сақтау мамандарын даярлау тиімділігіне ықпал етеді.

1368 2

1368 3

1368 4

23.04.2019, 08:31
872 қаралым