⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні»

2023 жылдың 31 мамыр күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, академия белсенді студенттері «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына экскурсия жасап, ашаршылық және қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішке барды.
Академия студенттері мұражайда тарихымызбен, қаңқұйлы жылдардың болған оқиғасымен, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерімен, ұлттың мәдени құндылықтарымен танысып қайтты. Мұражайдан шығып ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке барып гүл шоқтарын қойып, марқұм болған құрбандардың рухына құран бағыштап қайтты.

31.05.2023, 23:39
891 қаралым