⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

Қасқасудағы демалыс

02.10.2021ж күні ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, студенттік кәсіподақ ұйымының қолдауымен, академияның белсенді студенттері Қасқасудағы ОҚМА өндіріс аймағына барды. Рухани жаңғыру және саналы ұрпақ жобалары аясында ұйымдастырылған іс шараға студенттер қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, ұлттық тағамдарын әзірлеп таудың таза ауасында демалып қайтты.

ЖОО базасы қала тұрғындары мен қонақтарының қарбалас тіршіліктен шаршағанда ұмтылатын алма бағы бар экологиялық таза ауданда, өзен жағасында орналасқан.

Тау баурайында өткен бір күн белсенді студенттер үшін әсерге және тамаша көңіл күйге толы болды.
Керемет демалыс ұйымдастырып, тамаша көңіл күй сыйлаған академия басшылығына студенттер алғыстарын білдірді.

05.10.2021, 01:45
918 қаралым