⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

«Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы», «Жетім көрсең, жебей жүр», «Жүректен жүрекке» тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі мен тәрбие сағатын өткізуі туралы.

2.11.2023 ж. Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында «Қамқорлық пен мейірімділік – әр адамның қоғамдық парызы», «Жетім көрсең, жебей жүр», «Жүректен жүрекке» тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі мен тәрбие сағаты ұйымдастырылып, өткізілді.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жәрмеңке жұмысы студенттерге мейірімділік, қамқорлық, көмек беру, адамгершілік, жанашырлық сияқты жеке қасиеттерін дамытуға, сонымен қатар, олардың назарын адами, игі істер жасауға, мұқтаж жандарға қол ұшын беруге, өмірде жақсы адам болуға ұмтылу мүмкіндігін береді.
Адамдарға көмектесу, кез-келген мүмкіндікті пайдаланып жақсылық жасау – бұл мақтаныш емес, бұл заңды үрдіс.
Қайырылымдық тақырыбына бағытталған науқанға қатысқан студенттер үшін жақсылық жасау күнделікті өмірдің бір бөлігі болатынына сенеміз. Белсенді қатысқан студенттер қауымына кафедра атынан алғыс білдірілді.

09.11.2023, 22:44
862 қаралым