⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

Қала әкімінің алғыс хатымен марапаттау

27.12.2024 жылы Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық, ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер төрағаларының қатысуымен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер» тақырыбында жылдың қорытынды жиыны өтті.
Жиын соңында басқарма басшысы Айгерім Жумагулова қала аумағында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеуге үлес қосқан Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясының “Бірлесу” ұлттар достығы ұйымының төрайымы Жаналиева Шахнозабону және Шымкент «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Мейірбеков Нұрболат және «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділеріне қала әкімінің Алғыс хатын табыстады.

27.12.2024, 20:45
864 қаралым