⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

ОҚМА ректорының Өзбекстан Республикасының серіктес жоғары оқу орындарына іс-сапары

Өзбекстан Республикасының серіктес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының» (ОҚМА) ректоры, профессор Рысбеков М.М. «Самарқанд медициналық институтына», «Бұхара мемлекеттік медицина институтына», «Андижан мемлекеттік медицина институтына» барды.

Сапар бағдарламасы өте тығыз болды. 2021 ж. 22-23 қыркүйек күндері профессор Рысбеков М.М. «Жұқпалы аурулардың, эпидемиологияның, микробиологияның және медициналық паразитологияның қазіргі мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты, Андижан мемлекеттік медицина институты.
Бухара мемлекеттік медицина институтында ректор халықаралық қатысуымен «Репродуктивті денсаулық сақтау: жаңа мүмкіндіктерден жаңа стратегияға» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты (24-25 қыркүйек, 2021 ж.).

Сапар барысында ОҚМА ректоры серіктес жоғары оқу орындарының ұжымымен кездесті, университеттердің инфрақұрылымымен танысты, дәрістер мен сабақтарға қатысты.

30.09.2021, 01:48
969 қаралым