⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

ОҚМА АҚ мен Қазақстан медицина жастары арасында ынтымақтастық

2025жылдың 25 ақпан күні ОҚМА АҚ белсенді студенттерінің астанаға сапары аясында бірнеше жұмыстар атқарылды. Соның маңыздыларының бірі ОҚМА АҚ Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Б.Тасжанов Қазақстан медицина жастары кеңсесінде қонақта болды. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларын талқылады. Аталмыш ұйыммен академия басшылығы соңғы 5 жылдан бері бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді. Жобаның мақсаты медицина еріктілерінің қоғамдағы рөлін түсіндіріп, халық денсаулығын жақсартуда, төтенше жағдайлар кезіндегі көрсетілетін алғашқы көмек және әр түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстарын күшейту. Кездесу аясында ОҚМА АҚ мен Қазақстан медицина жастары ұйымының арасында бірлескен медициналық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастығымыз жемісті әрі жеңісті болғай.

25.02.2025, 21:23
529 қаралым