⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

Олимпиада чемпиондарымен кездесу

624 1

2017 жылдың 4 ақпан күні академияның үлкен мәжіліс залында Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен  ел намысын қорғап жүрген олимпиада жүлдегерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Әділбек Ниязымбетов  - Лондон (2012) және Рио (2016) олимпиадаларының күміс жүлдегері, әлем чемпионы; Біржан Жақыпов -  Бейжің (2008), Лондон (2012) және Рио (2016) олимпиадаларының қатысушысы, әлем чемпионы; Қайрат Ералиев - әлем чемпионатының (2013) қола жүлдегері, Азия ойындарының (2015) қола жүлдегері қатысты. Олимпиада жүлдегерлеріне арналған өмірі мен жетістіктері туралы презентациялар көрсетілді. Жастар арасынан спортшыларымызға түрлі сұрақтар қойылып, белсенді студенттеріміз ән айтып қорытындылады. Шара соңында қонақтарымызға ақ жол тіленіп, сыйлықтар табысталды.

624 2

624 3

10.02.2017, 08:52
925 қаралым