⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

«МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ

«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасында дуальды оқыту аясында «Фармация» мамандығының 3-курс білім алушылар үшін «Тесуге, инъекцияға, трансфузияға, айдауға және соруға арналған аспаптар мен аппараттар. Стоматологияға арналған құралдар мен жабдықтар» тақырыбындағы тәжірибелік сабақ Жанға Шипа стоматологиялық орталық базасында өтті.
Стоматологиялық орталыққа барған кезде ФҚБ-01-22 тобының білім алушылары стоматологиялық құралдар жиынтығы мен олардың қызметін зерттеді. Оларға әр құралдың тәжірибеде қолданылу ерекшеліктері туралы түсіндірілді. Бұл тәжірибе фармация мен стоматология арасындағы байланысты түсінуге пайдалы қадам болды.

14.11.2024, 14:05
692 қаралым