⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

Ұлы Жеңіске 70 жыл

 

529 2 2

2015 жылдың 17 сәуірінде Кітапханалық-ақпараттық орталығының оқырмандарға қызмет көрсету секторының ұйымдастыруымен Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» атты тарихи-танымдық әдеби кеш өткізілді.

529 1 1

Кеште «Ешкімде, ешнәрсе де, ешқашанда ұмытылмайды» атты видеоролик көрсетілді, студенттердің соғыс жылдарына арналған авторлық шығармалары оқылды. Студенттер соғыс тақырыбындағы тақпақтар оқып, әскери  әндер орындады. Кешке қатысушылар «Ұлы  Жеңіске 70 жыл» атты кітаптар көрмесімен танысты. Соңында кітапхана қызметкерлері белсене қатысқан қатысушыларға алғысын білдіріп, сыйлықтармен марапаттады.

529 3 3

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдық мерейтойына  арналған  іс-шараларда дәріптелген батырлардың өшпес ерліктері, ұрпақтарға мәңгілік өнеге болмақ!

529 4 4 

23.04.2015, 08:45
1125 қаралым