⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

Иммунды статусты бағалаудың заманауи әдістері көрсетілді

«Микробиология, аллергология және иммунология» кафедрасы «Иммунды статусты бағалаудың заманауи әдістері» ART-көрмесін өткізді.
Көрмеде иммундық жүйені зерттеу, иммунды статусты бағалау әдістері мен олардың клиникалық маңызы туралы түрлі ақпараттар ұсынылды. Иммундық жауаптың түрлі аспектілерін зерттейтін шығармашылық туындылар көрсетілді.
Көрменің мақсаты – иммунология тақырыбын кеңінен таныту, білім алушылар мен оқытушылардың ғылыми қызығушылығын арттыру, шығармашылық жұмыстар арқылы ғылыми білімді өнермен үйлестіру. Іс-шараға 50 студент, 20 оқытушы қамтылды.
Студенттер көрмеге ұсынған суреттер арқылы жиналғандарға иммунды статусты бағалаудың әртүрлі әдістерін, заманауи әдістердің медициналық тәжірибеде қолданылуын және иммундық жауаптың түрлі аспектілерін көрсетуге тырысты.

14.04.2025, 17:50
642 қаралым