⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

Ерлік елге – мұра, ұрпаққа ұран

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында С-МІҚ-9.04.23 тобының білім алушыларымен, тәлімгерлер Ш.Е.Серік, А.З.Зайыржанова және кафедра меңгерушісі А.Т.Сатаев 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында "Мәңгілік алау" кешеніне гүл шоқтарын қойып, “Даңқ” мемориалын аралады. Мақсаты: Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесіне орай білім алушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

13.05.2024, 16:04
612 қаралым