⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

Дөңгелек үстел

2017 жылдың 19-қазан күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында оқу ісі жөніндегі проректоры М.Ұ.Анартаеваның ұйымдастыруымен интернатурадағы «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығының құзіреттілігін күшейту және игеру тиімділігін арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.    Бұл іс-шараға академияның бөлім басшылары, клиникалық кафедралардың меңгерушілері және Шымкент қаласындағы медицина мекемелерінен 3 бас дәрігер, 4 бас дәрігердің орынбасарлары, 3 бөлім меңгерушілері қатысты. Дөңгелек үстел өкілдерінің баяндамаларында «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығының болашағының  маңыздылығы туралы және құзіреттілігін күшейту мәселелері жайында  талқыланды. Әр тараптан ұсынылған құзіреттіліктерге қорытынды жасалып, мамандыққа енгізу туралы шешім қабылданды.

DSC 019623

21.10.2017, 07:27
835 қаралым