⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

Ауызашар

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында қасиетті Рамазан айының құрметіне дәстүрлі ауызашар ұйымдастырылды. Іс-шараға академия басшылығы,ректорат мүшелері және қонақтар қатысты.
Ауызашар барысында жиналғандар Рамазан айының маңызы мен рухани тазалық жайында ой бөлісті.
Бұл шара қатысушыларға рухани демеу болып, бірлік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеді. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы алдағы уақытта да дәстүрлі іс-шараларды жалғастырып, қайырымдылық бастамаларға белсенді қатысуды мақсат етеді.

11.03.2025, 15:56
512 қаралым