⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

Антибиотиктерді тиімді қолдану апталығы

Үстіміздегі жылдың қараша  айының 27-ші жұлдызында жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ұйымдастыруымен ЖОО арасындағы бүкіл әлемдік антибиотиктерді тиімді қолдану апталығына орай ғылыми конференция өтті. 

1155

Конференцияға ОҚМФА-ның резиденттері,дәрігер-интерндері,магистранттары, алғашқы медикалық-санитарлық жәрдем №1 кафедрасы,сонымен қатар Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасы қатысты.

Конференция барысында антибиотиктерге төзімділік, аурухана ішілік инфекцияны бақылау тақырыбында баяндамалар жасалынды. Кафедра мүшелері қатысушыларға арнап, арнайы танымдық антибиотиктерге төзімділік тақырыбы аясында викториналық сайыстар,сөзжұмбақтар дайындады. Конференция соңы постерлік баяндамалар кезеңімен аяқталып,қатысушыларға арнайы марапаттау қағаздарымен арнайы даярлаған сыйлықтар  берілді.

1156

05.12.2017, 10:09
779 қаралым