⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

"Алғыс айтам" акциясы өтті

2022 жылдың 1 наурыз күні ОҚМА Болашақ академиялық жастар орталығының белсенді студенттері "Алғыс айтам" акциясы аясында қала тұрғындарына бауырсақтар таратты.
1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтеді. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі.

Осы орайда, академиямыздың студенттері мерекені көтеріңкі көңілмен, бір-біріне жылы сөздер айтумен бастады.
Қала тұрғындары академия студенттеріне риза болып, алғыстарын білдірді. Бір бірімізге мейірімді, шынайы, сезімтал, ашық, қамқор болайық!

02.03.2022, 22:34
826 қаралым