⚠️ БҰЛ САЙТ МҰРАҒАТТЫҚ НҰСҚА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
⚠️ ДАННЫЙ САЙТ ЯВЛЯЕТСЯ АРХИВНЫМ
⚠️ THIS WEBSITE IS AN ARCHIVED VERSION

Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру

ОҚМФА-ның фармацевттік өндірістің технологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор м.а., фарм.ғ.канд. Торланова Ботагоз Оңғарқызы 2017 жылы қарашаның 15-ші жұлдызында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде (ҚММУ, Қарағанды қаласы) «Фармацевттік өндірістің технологиясы» маманы бойынша оқитын 4-ші курс студенттеріне дәрістерді оқуға және тәжірибелік сабақтарды жүргізуге кірісті. 

11010

Осы жұмысты Б.О. Торланова «Дайын дәрілік түрлерді бөлшектеуге және орамдауға арналған машиналар мен автоматтар» пәні бойынша ПОҚ-тың академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру барысында орындауда. Фармацевттік пәндер мен химия кафедрасында барлық аудиторлық сабақтар (дәрістер мен тәжірибелік сабақтар) студенттер үшін  мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілуде. Кафедраның оқытушылары Лосева Ирина Викторовна кафедра меңгерушісінің басқаруымен дәрістердің слайдтарын (презентациясын) көрсетуге барлық жағдайлар жасаған, сонымен бірге тәжірибелік сабақта пайдалану үшін дәрілік түрлерді орамдауға арналған түрлі-түрлі орауыштардың жинағы ұйымдастырылған.

11020

ҚММУ оқу үдерісі циклдік түрде ұйымдастырылған, сондықтан студенттер 2 апта ішінде (29 қараша күніне дейін) осы пәнді игеру қажет. Білім мен дағдылардың игеру деңгейінің мониторингі тесттілеу және ситуациялық есептерді шығару тәсілімен орындалатын 2 рубеждік бақылау арқылы жүргізіледі. Цикл аяқталған соң студенттер жазбаша-ауызша емтихан тапсырады.

11030

16.11.2017, 11:12
749 қаралым